Гүлнәш Болатқызы Әбішева 1963 жылдың 5 қыркүйегінде Павлодар облысы, Павлодар қаласында дүниеге келген. 
1986 жылы  Павлодар Мемлекеттік Индустриалдық Университетін инженер-технолог мамандығы бойынша, 1989 жылы Мәскеудегі телевизиялық режиссура мектебін режиссура мамандығы бойынша тәмәмдаған. 
Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облыстық телерадиокомпаниясында бағдарламалар режиссеры қызметінен бастады. 2004 жылдың наурыз айынан бастап 2007 жылдың тамыз айына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалаында бас режиссер қызметін атқарды. 
2007-2009 жылдар аралығында «Арлан» телевизиялық студиясында бас режиссер қызметін атқарды. 
2010-2012 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Ақпараттық және аналитикалық бағдарламалар дирекциясында  қоюшы режиссер қызметін атқарды. 
2012-2015 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Ақпараттық және аналитикалық бағдарламалар дирекциясында бас режиссер қызметін атқарды. 
2015 жылмен 2018 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта «QAZAQSTAN» ҰТА-ның бас режиссері қызметін атқарды. 
2018 жылдың 18 ақпанынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры болып тағайындалды. 
Гүлнәш Болатқызы еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі (2015 ж), «Құрмет Ордені» (2016 ж.), «Алтын жаршы» медалі (2017 ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі (2020 ж), «Халық алғысы» медалі (2021 ж). «Парасат Ордені» (2022 ж).