Трощева Галина Юрьевна Павлодар қаласында 1985 жылғы 23 қыркүйекте дүниеге келген. 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтап, облыстық телеарнада жұмысқа қабылданды.
Студенттік кезінен бастап жастар бағдарламаларын әзірлеумен айналысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзекті мәселелерді жаңалықтар мен түрлі телебағдарламаларда жарыққа шығарды. Тікелей эфирлердің жүргізушісі болып табылады.