Сағындық Қайырұлы Оразалинов 1974 жылдың 23 тамызында Өленты аулы Ерейментау ауданы, Ақмола облысында дүниеге келген.
1996 жылы Павлодар Педагогикалық Институтын қазақ тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 1989 жылы Қойтас совхозында механизатор қызметінен
бастады.
1996-1997 жылдар аралығында Қойтас орта мектебінде қазақ тілі және
әдебиет мұғалімі болып қызметі атқарды.
1997-1999 жылдар аралығында Павлодар облыстық телерадиокомпаниясында оператор, монтажер қызметтерін атқарды.
1999-2000 жылдар аралығында Облыстық радиода редактор қызметін атқарды.
2000-2003 жылдар аралығында Павлодар облыстық телерадио компаниясында қазақ хабар тарату редакторы қызметін атқарды.
2003-2004 жылдар аралығында «Павлодар облысы ішкі саясат департаментінің талдамалық ақпарат орталығы» МҚКК-де лектор, бас маман қызметтерін атқарды.
2005-2021 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің редакторы, бас редакторы, директор оырнбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылдың 16 қарашасынан бастап 2023 жылдың 6 қаңтарына дейін«AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі ПОФ-ның консультанты қызметін атқарды.
2023 жылдың 11 қаңтарынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалының телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің директор орынбасары болып тағайындалды.
Сағындық Қайырұлы еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: Павлодар қаласы әкімінің грант иегері (2014 ж), Павлодар қаласы әкімінің грант иегері (2015 ж), «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгісі (2018 ж), «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасы (2020 ж), «Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі» (2020 ж), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2020 ж), «Еңбек даңқы» төсбелгісі (2021 ж), «Халық алғысы» медалі (2021 ж),