Гүлмира Байболатқызы Бақтиярова 1971 жылы 27 тамызда Көкшетау облысы, Чистопольский ауданы, Баррикады ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетін журналистика мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 1994 жылы «Нива» газетінің корреспонденті қызметінен бастады.
1999-2006 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында редактор болып қызмет атқарды.
2018 жылдың наурыз айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің редакторы қызметін атқарды.
2019 жылдың 6 наурызынан бастап телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің бас редакторы болып тағайындалды.
Гүлмира Байболатқызы еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: Павлодар облысы әкімінің гранты иегері (2018 ж), ҚР Президентінің Алғыс хаты (2020 ж), Павлодар қаласы әкімінің гранты иегері (2021 ж), «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасынан Құрмет грамотасы (2021 ж).