Жанна Теміржанқызы Тұяқова 1962 жылы 4 қарашада Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында дүниеге келген.
1991 жылы Шымкент Педагогикалық Мәдениет Институтын мәдени ағарту жұмысын ұйымдастырушы – әдіскер мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 1980 жылы Павлодар облыстық теледидар және радио тарату комитетінің режиссер көмекшісі қызметінен бастады. 
1991 жылдың тамыз айынан бастап 2013 жылдың ақпан айына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалында режиссер көмекшісі, 2 санаттағы режиссер, режиссер, аға режиссер, жаңалықтарды шығару бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 
2013 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалының телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің аға режиссеры болып тағайындалды.
Жанна Теміржанқызы еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: «Облысқа еңбегі сіңіргені үшін» Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты (2015 ж), «Золотой Гефест» байқауының жеңімпазы (2016 ж),  «Облысқа еңбегі сіңіргені үшін» төс белгісі (2016 ж), ПОФ «Нұр Отан» партиясының атынан Алғыс хат (2017 ж),  «Ақпарат саласының үздігі» төс белгісі (2018 ж),  Павлодар облысы әкімінің грант иегері (2018 ж), «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының Құрмет грамотасы (2020 ж), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2020 ж).