5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынында төрт мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны өтті. Төрткүл дүниеге таралып, ауқымы артқан бәсекедегі қатысушыларымен әріптесім Байтұрсын Жұмабай әңгімелесті.
БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ
Қайырлы күн. Өзіңізді көргенімізге қуанышытмыз. Осы ұлттық ойынымызды Монғолияда дамытып жүргендердің қатарындасыз. Дүбірлі додада өзіңізбен кездесіп қалдық. Енді осы Монғолияда ұлттық ойынымыз қалй дамып жатыр, жастардың қызығушылығы қандай?
ЕРБОЛ ДОЛБАЙ, МОНҒОЛИЯНЫҢ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Баян-Улгей аймағы тек қазақша аймақ болады. Онда 190 мыңдай қазақ тұрады. Білім басқармасы тоғызқұмалақ ойынын 2 сағат үйірме ретінде барлық 46 мектепке кіргізен. Ол тоғызқұмалықтың дамуына үлкен бір үлесін қосуда. Одан бөлек аймақтық кітапхана бар... атындағы, сонда тоғызқұмалақ клубымыз бар. Және осы жуықта арнайы біздің Президентіміз .... Монғолияда отыратын Қазақстан елшілігі арқылы бір бөлме алып, тоғызқұмалақ, домбыра, қазақ тілін үйрететін клубтар ашты
Айта кетейік, арнамыздың түсірілім тобы Дүниежүзілік көшпенділер ойнынынан қызықты сәттермен бөлісіп, хабар таратуда.