Көшпенділер ойынының құсбегілік сайысына 10 мемлекеттен спортшы келді. Биыл бұл сайыстың жағрапиясы айтарлықтай кеңейген.
Көшпенділер ойынындағы құсбегілік бағдарламасы кеше басталды. Финалдық кезең дүбірлі доданың соңғы күніне жоспарланды. Құсбегілік сайысқа 10 мемлекеттен 40 тан аса спортшы келген.
Бұрын көрші елдерден ғана баптаған құсын тұғырға қондырып жететін сайысқа биыл алыстағы Испания, Қап тауынан Грузия сияқты елдердің өкілдері де келген. Ал, бүркітшілікпен аты әлемге танылған Айшолпан жаһандың бәсекенің құрметті қонағы.
Ежелден құс салып, тазы баптаған халықтың мәдениеті дүниежүзілік көшпенділер ойынында жаңаша сипат алып, өз тартымдылығын көрсетуде.
Жанасыл Серікбол