Сондай-ақ Заслоновая көшесі 61-ші үйдің тұрғындары қытымыр аязды күнде үй ішінде тонып отыр. Жаңалықтар редакциясына көппәтерлі үйдің тұрғындары хабарласып, мұңын шақты.
62 жастағы Антонина Дмитреева осы Заслоновая көшесі 61-ші үйде 1986 жылдан тұрады. Әр жылдың қысында осы проблемаға тап боламыз. Үй ішіндегі температура 17 градустан аспайды. Талай еісктің босағасын тоздырдық деген зейнеткер биліктегілерден үмітін үзіп отыр.
Антонина Дмитреева, Заслоновая көшесі 61 үйінің тұрғыны:
Мен 30 жылдан аса уақыт осы үйде тұрамын. Біздің үй өте суық. Пәтер иелері кооперативі, әкімшілікке осы сұрақпен қанша рет жүгіндік. Баяғы жартас, сол жартас. Әдетте айтатыны біз желінің соңында салынған үй болғандықтан солай болады. Бұл проблема ешқашан шешілмейтін сияқты. Үйдің іші салқын, жылы киініп алып жүреміз. Еден суық. Батарея сәл ғана жылы.
Барлық тұрғындардың айтатыны бір. Пәтер ішіндегі суықтың салдарынан балалар жапа шегіп отыр.
Зарина Қонақбаева, Заслоновая көшесі 61 үйінің тұрғыны:
Үйде өте суық. Мен 4 баланың анасымын. Балалар жиі ауырады. Өйткені үйде суық болды. Ыстық су жаман ағады. Мысалы ағып жатады да тоқтап қалады. Акимат келді ана жолдары бірақ ешқандай әрекет болған жоқ. Қыста осылай әрдайым осылай қиналамыз.
Екі баланың әкесі Әміржан Асылбек осы үйге 2 жыл бұрын көшіп келді. Баспанасын жылыту үшін өз қаражатына көршілермен келісіп, құбыр ауыстырған. Үй сыртын да жылытқан. Алайда еш нәтеже жоқ дейді ол.
Әміржан Асылбек, Заслоновая көшесі 61 үйінің тұрғыны:
Екі жыл болды осы үйді сатып алдым. Қалай осы үйге келдім. Батарея ауыстырдым. Көршілермен келісіп стояктарды ауыстырдық. Жоғарыдағы 4 балалсы бар көрші астымызда апа тұрып жатыр. Барлығымыз қосылып, жаңадан батарея қойдық. Мен ана угловой команаты утеплять еттім. Бірақ одан бәрі результат болған жоқ. Жилищная инспекция шақырдық. Ол келді қарады. Подвалға түсті. Недогревті білдіртті.
Ал екі жастағы ұлын шомылдыру үшін алдымен жуынатын бөлмені жылытқыш құралдармен жылытып алады. Одан әрі үйдің ішінде ыстық су ақпайды.
Әміржан Асылбек, Заслоновая көшесі 61 үйінің тұрғыны:
Осылай печканы қосып балаларды суға түсіреміз. Осындай барлығы электрический. Змейка тұрды. Оны өшіріп тастап., жылытқышты қойдым. Ана змеякадан толк болған жоқ. Ыстық су да келмейді. Осы печканы қоысып, постоянньқосылу болып тұрады. Бірақ суға түскенде мынаны қаттырақ қосамыз.
Қазір пәтер ішіндегі температурасының жылылығы 16-17 градустан аспайды. Осыдан бірнеше ай бұрын жылу желілері серіктестігінің мамандары акт толтырып кеткен. Алайда мәселе шешілмей отыр.
Бақытгүл Базылова, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары:
Біздің тұрғын үй инспекциясы бөліміне Заслоновая көшесі 61 үйдің тұрғындарынан шағым түсті. Ертең яғни, 13 қаңтар күні біз комиссия құрып, Павлодар жылу желілері ЖШС-гімен бірлесіп сол мекенжайға барамыз. Барлық жәйт анықталатын болады.
3 подьезді 5 қабатты үйде 45 пәтер бар. Арна тілшілері мәселені бақылауда ұстайды.
Әйгерім Тоқпанқызы