Қоғамдық кеңес мүшелері жақында ашылған «Жайлау» фермерлік базарына барып, азық-түлік бағасын тексерді. Ондағы тауарлар жергілікті нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан болуы тиіс. Сауда орындарын жалға алатын кәсіпкерлер шаршы метрі үшін айына небәрі 2000 теңге төлейді. Бүгінде өңірдеің 32 тауар өндірушісі өз өнімдерін саудалап отыр.

«Жайлау» базары халықтың әлеметтік жағдайын жақсартып, азық түлікті тұтынушыларға қолжетімді бағада жеткізуге ашылған әлеуметтік сауда орны. Бұл базардан күріштің келісін 550 теңгеге, қант 450, тазартылмаған күн бағыс майын 600 теңгеге сатып алуға болады. Жұмыртқаның ондығы 375 теңгеден саудаланады. Баға тұрақты дейді базар аралаған қоғамдық кеңес мүшелері. Ал, халық сауда нүктесіне қатынайтын автобустар санын арттыру керектігін айтады.

Асылбек Туғанбай, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі:

Әлеуметтік «Жайлау» базарына мониторинг жасау үшін келдік. Әртүрлі саланың басқарушы органдардың өкілдері болды. Бағаларды қарадық. Бағалар шынымен қаладағы басқа сауда нүктелерінде сатылып жатқан бағалардын 15-20 пайызға арзан. Адамдар толы, бірақ кейбір мәселелер бар адамдарды жеткізу Усолка, Дачныйдан мына жаққа көлік жүрмейді екен. Сондай мәселелерді өзімізге түртіп алдық. Қазір соын ұсыныс ретінде еңгіземіз.

Жайлауға трамвай демалыс күндері тегін жүреді. Ал автобустар болса, белгілі бір бағытпен қатынайды. Торайғыров көшесі, Хим қалашығынан базарға бірде бір автобус келмейді екен. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені қала басшылығына жеткізетінін айтты. Павлодар қаласының тұрғыны Елена Вербицкая өз көлігіміен әр демалыс күндері жайлау базарына келеді екен.

Елена Вербицкая, Павлодар қаласының тұрғыны:

Жеке көлігің болмаса, мен мына базарға келмеуші едім. Мында келгеннен кейін бір ғана зат сатып алмайсын. Қасында көмекшін болмаса, трамваймен жүру қиын. Ал бағаларға келсек, өте тиімді. Мысалы мен 1 келі кептірілген өрікті небәрі 4500 теңге сатып алдым. Ал қаладағы дүкендерде оның бағасы 5200 теңге.

Сатып алушылар арасында баға айырмашылығы жоқ деп шағымданған тұрғындар да болды. Көкөніс сапасы көңіл көншітпейді дейді.

Орынтай Омарова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Кейбір тауарға баға төмен. Қала дүкендеріндей. Еш айырмашылығын көріп тұрғын жоқпын. Қарап шықтым, көкөніс өнімдерінің сапасы өте төмен. Үсіп, бұзылып қалғандар да бар.

Жылқы еті 2200-2500 теңге шамасында сатылып жатыр. Павлодар қаласының тұрғыны Балзада Раисова өнім бағасы сапасына сай келеді дейді.

Балзада Раисова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Мен осы базарға бірінші рет келіп отырмын. Маған барлығы ұнады. Қазы мен жұмсақ етті 2500 теңгеден сатып алдым. Жас малдың еті, тез піседі, келісі 2500 теңге.

Жайлау базарындағы баға үнемі бақыланып отырады. Тауардың сапасы да қатаң тексерілді. Бұқараны тек сауда орталығына жету мәселесі алаңдатып отыр. Сондықтан қоғамдық кеңес мүшелері бұл проблема қайта қаралатынын жеткізді.

Әйгерім Тоқпанқызы