Облыс орталығының кішкентай тұрғындары жазғы демалыстарын мектеп лагерьлерінде ерекше өткізуде. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беретін мектептің жазғы ойын-сауық лагері «Этнолайф» атауымен жұмыс жасауда.
Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп жанындағы «Этнолайф» жазғы лагері 5 маусым күні жұмысына кірісті. Биыл жазғы ойын-сауық лагеріне 200 жуық балдырған барып жүр.
Балалар үшін қызықты бағдарламалар қарастырылған. Бүлдіршіндер спорттық ойындар, сурет салу үйірмелеріне қатысып, театр, кинодан да қалыс қалмайды. Маусымның аптап ыстығына байланысты балалар үшін бассейн де орнатылды.
Мәди Күмісбек, оқушы:
Мен және мнің жолдастарым лагердің бірінші күнінен бастап жүрміз. Біз тетар, кинотератрға және планитарияға барамыз. Бассейнге шомыламыз. Футбол ойнаймыз, ұйықтаймыз. Біздің мектебімізде әртүрлі іс-шаралар болады.
Ал, 6-10 сынып оқушылары үшін «Этнокамп» лагері жұмыс жасайды. Жеткіншектер 11 үйірмеге қатыса алады. Мәселен, 6-7 сыныптың жеткіншек қыздары қолөнер үйірмелерін ұнатады.
Аяжан Жанпейісова, оқушы:
Маған этнолагнерь өте ұнайды. Біз онда бұйымдар істейміз. Маған өте ұнады сырға. Және маған біздің мұғалім ұнайды. Өйткені ол бізге өте жақсы түсіндіреді.
Жазғы лагерь маусым айының соңына дейін жалғаспақ. Жоспарға сәйкес оған дейін балақайларды әлі талай қызықты сәттер күтуде.
Ақмаржан Қалымбек