Мұрат Борисұлы Әбілмәжіт1967 жылы 24 қазанда Павлодар облысы, Ақтоғай (Краснокутск) ауданында дүниеге келген.
1989 жылы Павлодар Мемлекеттік Индустриалдық Университетін инженер – энергетик мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 1989 жылы Медициналық және микробиологиялық өнеркәсіп мемлекеттік жобалау ғылыми зерттеу институты Павлодар филиалы энергетика бөлімінің инженері қызметінен бастады.
1992-1993 жылдар аралығында Павлодар қаласының Ильичевка ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының инспекоры қызметін атқарды.
1993-1994 жылдар аралығында «Бина» ЖАҚ коммерциялық бөлімнің директоры қызметін атқарды.
2002-2003 жылдар арлығында «Сарыарқа Самалы» Павлодар облыстық газетінің редакторы қызметін атқырды.
2003-2005 жылдар аралығында «Павлодар телерадио» МҚК – да бас редактор қызметін атқарды.
2005 жылдың желтоқсан айынан бастап 2014 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалының телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің редакторы болып қызмет атқарды.
2014 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалының телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің шеф – редакторы болып тағайындалды.
Мүрат Бөрісұлы еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды: Павлодар облысы әкімінің гранты иегері (2017 ж), «Нұр Отан» партиясы ПОФ атынан Алғыс хат (2017 ж), «Қазақ телевизиясының 60 жылдығы» төс белгісі (2018 ж), Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хаты (2018 ж), Павлодар қаласы әкімінің гранты иегері (2020 ж), «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хаты (2020 ж), Павлодар қаласы әкімінің гранты иегері (2021 ж).