АЭС болашағын айқындар референдумның өтуіне санаулы күндер қалды.Сол себепті елімізде алып жоба туралы пікірлер кеңінен талқылануда. Бұған халық қалаулыларының да айтар пікірі бар.
АЭС -тің болашағын 6 - қазан күні өтетін референдум шешілетін болады. Сенат депутатының айтуынша Қазақстандағы электр энергиясының тапшылығы, өндірістік тұтынудың өсуі кезінде байқалуы мүмкін. Электроэнергияны алу үшін басқа мемлекетке қаражат кетеді. Егер АЭС Қазақстанда құрылатын болса, бұндай мәселе туындамайтындығын айтады.
ЕРНҰР ӘЙТКЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Бүгінгі күні біз Ресейден 3 млрд кв сағат электроэнергия алып тұрмыз. Оған 100 млрд тг жыл сайын төлеп отырмыз. Егер атомный реакторын салатын болсақ. Бұл дефицитті жабатын боламыз. Ресейден, ешқандай мемлекеттен біз электро энергияны алмаймыз. Енді осы АЭСті халық қолдаса онда осы 4 мемлекет бар өздері саламыз деген ниетпен бізге келіп отыр. Оның ішінде Ресей, Қытай, Франция, Корея олар жаңа технологиямен АЭС салады.
Қазіргі уақытта әлем елдері жасыл энергетикаға көшуге белсенді түрде ұмтылып жатыр. Бұл үрдіс климаттың өзгеруін баяулату, қоршаған ортаны қорғау және энергияның тұрақты көздерін пайдалану мақсатында жүзеге асырылуда.
ЕРНҰР ӘЙТКЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Біздің көршілеріміз қасымыздағы Қырғызстан, Өзбекстан да олар да ниет білдіріп отыр атом реакторын салуға. Себебі қазіргі таңда әлем осы жасыл энергетикаға көшіп бара жатыр. Бүгінгі күні Қазақстанда 222 угольный станциялар бар. Жалғыз уголь емес оның ішінді тепловый станция бар. Соның ішінде 70% көмірмен өндіреді электроэнергияны. Сол көмірдің зияны да көп. Жыл сайын біз электроэнегия аламыз бірақ ауаға кислый газдар зиянын келтіреді. Ал егер АЭС салатын болсақ онда экологический ешқандай зияны болмайды.
АЭС салу жобасы қоғамда үлкен резонанс тудырып адамдардың пікірі екіге бөлінген. Референдумның нәтижесі елдің энергетикалық болашағын ғана емес, экономикалық болашағын да өзгертеді деген үміт бар.
Сабина Жолдаспаева