Атом электр станциясының тиімділігі жоғары. Сарапшылардың айтуынша нысанның бой көтеруі алдағы 100 жылдағы еліміздегі электр қуатының тапшылығын шешеді. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары ашылады.
АЭС құрылысы өндіріс пен экономиканың дамуына серпін береді. Қазір дамыған елдердің бәрінде бірнеше станция бар. Оның игілігін көріп отыр. Бұған қоса, экология тұрғысынан да тиімділігі жоғары. Бұның құрылысын жастар да қолдап отыр.
ЕРКІН ҚҰСАН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
АЭС бұл болашақтың энергиясы деп айтылып жатады. Бұл төңірегінде жас болған соң бұл ақпаратты зерттеп қарап көрдік. Нәтежесінде біздің қазіргі алып жатқан энергия көздері бұл аэс экологиялық тұрғыда ппйдасы жоғары. Өзімнің азаматтық парызым рефрендумға барып қатысатын боламын. АЭС туралы тағы айтатын болсақ бұнің қазіргі таңдағы алдағы таңдағы 10-20 жылдық электрге байланыстың біздің сұранысымыз арта беретін болса, халықтың саны да артып келе жатыр. Бұл үлкен сұраныс. Қамтамасыз ете алады деген ойдамыз.
Электр энергиясын өндірудің бұл тәсілін қазір 30-дан астам ел пайдаланып отыр екен. АЭС -жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Әйгерім Тоқпанқызы