«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысында жүріп өтпек. Дәрігерлер шалғай жатқанауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, мазалаған сұрақтарына жауап береді. Айта кетейік, денсаулық пойызы осы уақыт ішінде аймақтың 2000 нан аса азаматына медициналық көмек көрсетіп үлгерді. Бүгін медициналық кешен Тасқұдық бекетінде аялдады.
АЙНҰР ЕГІНБАЕВА, «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Саламатты Қазақстан медициналық пойызы бұл әлеуметтік жоба.Жоба аясында халыққа тегін түрде медициналық көмсек көрсетеміз. 1 мамыр күні Астана қаласында бастадық . 20 желтоқсанға дейін. Біз маңғыстау облысы, атырау, батыс қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан үстін жүріп өттік.
Білікті, тәжірбиелі дәрігерлер бастаған денсаулық пойызы елімізде 2019 жылдан жұмыс істеп келеді. Биыл кешен мамандары 40мың адамға медициналық көмек көрсетті. Жылжымалы нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған. Тіпті, шағын ота жасау бөлмесі де бар.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызында 28 маман сағат 9 дан кешкі алтыға дейін үздіксіз еңбек етеді. Олардың қатарында кәсіби психолог, медиатор және заңгер мамандар да қызмет көрсетеді.
Айта кетсек, мамандардың көмегіне 15 тамыздан 24 тамыз аралығында жүгінуге болады. Он күн бойы Павлодар өңірінің 10 бекетіне аялдайды.
Салтанат Бауыржанқызы