Қазақ басылымдары – руханият қайнары
Достық үйінде «Қазақ басылымдары руханият қайнары» тақырыбында жиын өтті. Онда қазақ газеттерінің басшылығы өңірдің зиялы қауым өкілдерімен мерзімді басылымдардың бүгінгі жай күйін талқылады.
«Қазақ газеттері» ЖШС құрамына 10 мерзімді басылым кіреді. Оның бастауында «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» тұр. Одан кейін «Ана тілі», «Уйғур авази», «Ұлан», «Дружные ребята» және «Ақиқат», «Мысль», «Үркер», «Балдырған «Ақжелкен» журналдары бар. Осы ретте бүгінгі жиында осы газет, журналдардың жай күйі, мазмұны, тағдыры талқыланды.
Ержан Байтілес, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры
Заман дамып кетті. Технология ілгерілеп бара жатыр. Соңғы жылдары жасанды интеллект көп адамды ойланудан қалдырып бара жатыр. Адамдар қазір ойланғысы келмейді. Осындай кезеңде дәстүрлі медиа мерзімді басылымның тағдыры не болмақ? Бір қарасаң әрекетіміз қожанасыр ісі сияқты көрінеді. бірақ бізге Ахаңдардан, Жаһаңдардан қалған алдымыздағы қазақ журналистикасының мұрасын біз қазір өлтіріп алсақ біз тарих алдында өзімізді қылмыскер сезінер едік.
Өңірге жұмыс сапарымен келген «Қазақ газеттері» нің басшысы зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Күн тәртібіндегі негізгі сұрақ – жоғарыда айтқан технология дамып кеткен заманда қалай газетке деген қызығушылықты жоғалтпай, келер ұрпаққа жеткізу. Әлбетте бұл жерде, мерзімді басылымның оқырманға жету жолында мәселе көп деді, ақын Шолпан Байғалы.
Шолпан Байғалы, ақын
Біз газетке жазылаудан ада болып қалдық. Себебі қазпошта филиалдарын жауып тастады. Қалада да сол жағдай пошта бөлімшесі болмаса қалай таралады.
Қазақ газеттері қилы замандардан аман қалып, бүгінгі күні әлеуметтік желімен жарысып, алысып шын оқырманға жетіп отыр. Газетке қызығушылықты арттыру, оқырманды көбейту мақсатында да атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік.
Ержан Байтілес, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры
Ең бірінші кезекте байыптамалық, талдамалық, сараптамалық дүниелерге басымдық береміз өйткені газет те журнал да, кез келген платформамен жаңалық тарату тұрғысынан бәсекеге түсе алмайды. Енді біз оқырманға сапалы дүние ұсынып қана, оқырман көңілін аулаймыз, ықыласына бөленеміз. Осы тұрғыда алғашқы жұмыстар басталып кетті. «Егемен Қазақстанда» «Ет жеңді Егемен» деген айдарды қайта жалғастырып жатырмыз. Одан бөлек «Санаткер ұлт» пікіралмасу алаңы айналасында 5 отырыс өткіздік. Ол отырыстарда әртүрлі салада еңбек етіп жүрген мамандық иелерін жинап, Мемлекет басшысы қолға алған реформаларды талқылап, газет бетінде жариялап жатырмыз.
Газет оқырмандары жоқ емес, тек ақпарат тарату саласында бәсеке күшті. Бірақ соңғы оқырман қалса да газеттерді шығаруды тоқтатпауға тырысамыз деді, сөз соңында қазақ газеттерінің басшысы.
Самал Қалиқызы