Негізгі Жаңалықтар Құрылтай сайлауы

Құрылтай сайлауы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – Конституциялық реформадан кейін ұйымдастырылатын алғашқы сайлау. Реформаға сәйкес, Парламент енді бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай ретінде жұмыс істейді. Сондықтан алдағы саяси науқан елдің саяси жүйесінің одан әрі дамуы үшін айрықша маңызға ие.


Қазақстандықтар алғаш рет жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлайды. Дауыс беру нақты кандидаттарға емес, саяси партиялар мен олар ұсынған жалпыреспубликалық партиялық тізімдерге беріледі. Жаңа Құрылтай бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады. Құрылтай депутаттары азаматтардың мүддесін заң шығару деңгейінде қорғайтын болады. Сондықтан халық атынан сөз сөйлеу құқығына кімнің ие болатыны – аса маңызды.Қазақстанның бір палаталы Құрылтайға көшуі елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ.



Бөлісу