Ақсуда сайлаушылармен кездесуге арналған орындар бекітілді
Құрылтай сайлауы қарсаңында өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Үгіт-насихат кезеңі 22 тамызға дейін созылады. Осы уақыт аралығында кандидаттар мен саяси партиялардың сайлаушылармен кездесуіне барлық қажетті жағдай жасалуда. Ол үшін облыс бойынша арнайы орындар мен ғимараттар белгіленді. Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық аймақтарда да сайлаушылармен кездесу өткізілетін нысандардың тізімі бекітілді.
Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық елді мекендерде кандидаттар мен саяси партиялар өкілдерінің сайлаушылармен кездесуі өтетін орындар ресми түрде айқындалды. Тиісті қаулыны қала әкімдігі бекітті. Ақсу қаласында кездесулер Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында, мәдени-демалыс орталығында, орталықтандырылған кітапханада және «Жылу сервисі-Ақсу» коммуналдық кәсіпорнында ұйымдастырылады. Ал ауылдық аймақтарда Қалқаман ауылындағы мәдениет үйі мен тағы 13 ауылдың мәдени-демалыс орталығы сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған. Жалпы, Павлодар облысында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін 700-ден астам арнайы орын белгіленген. Сонымен қатар кандидаттар мен саяси партиялардың сайлаушылармен кездесу өткізуіне арналған 200-ге жуық ғимарат дайындалған. Кездесулер өткізуге арналған орындар кандидаттар мен саяси партияларға белгіленген тәртіппен, келісімшарт негізінде ұсынылады.
п/п Наименование помещений Адрес расположения
1 Дворец культуры Сабита Донентаева город Аксу, улица М.О. Ауэзова, 8
2 Централизованная библиотека города Аксу город Аксу, улица Астана, 44
3 Коммунальное государственное предприятие "Теплосервис-Ақсу" город Аксу, улица Вокзальная, 5
4 Культурно-досуговой центр город Аксу, улица Комсомольская, 3
5 Дом культуры села Калкаман село Калкаман, улица Степная, 17
6 Культурно-досуговой центр села Айнаколь село Айнаколь, улица Бірлік, 9
7 Культурно-досуговой центр села Акжол село Акжол, улица Абдирова, 3
8 Культурно-досуговой центр села Алгабас село Алгабас, улица Советов, 4А
9 Культурно-досуговой центр села Береке село Береке, улица Николая Бердникова, 26А
10 Культурно-досуговой центр села Жолкудук село Жолкудук, улица Центральная, 1
11 Культурно-досуговый центр "Достық" села Евгеньевка село Евгеньевка, улица Гагарина, 1
12 Культурно-досуговой центр села Енбек село Енбек, улица Ақмешіт, 1
13 Культурно-досуговой центр села имени Мамаита Омарова село им. Мамаита Омарова, улица Естая, 1А
14 Культурно-досуговой центр села Курколь село Курколь, улица 40 лет Победы, 17
15 Культурно-досуговой центр села Кызылжар село Кызылжар, улица Тәуелсіздік, 1
16 Культурно-досуговой центр села Пограничник село Пограничник, улица Целинная, 2
17 Культурно-досуговой центр села Сарышыганак село Сарышыганак, улица Школьная, 9
18 Культурно-досуговой центр села Уштерек село Уштерек, улица Абылайхан, 21