«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Сүйікті қалам» атты арт-челлендж бастау алды. Шығармашыл жұмысқа кімдер қатысты екен? Алда тамашалаңыздар!

Қала орталығында орналасқан жер асты өткелі 40 жыл шамасында халыққа қызмет етіп келеді. Объектті жаңарту мақсатында колледж студенттері қабырғаларға сурет салуға жиналған. Сәндемес бұрын бюджеттен қаражат бөлініп, алдын-ала сыланып, тазартылған.

ҚОБЛАНБЕК ҚОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Қаламыздың колледждарының студенттері осы жер асты өткелінің қабырғаларын бояп, краскелеп, әрмен қарай «Мен жастарға сенемін» атты тақырыпқа өздеріңіз көріп отырсыздар, әдемі-әдемі жазулар қалдырып жатыр. Кіреберістері, шығаберістері боялды. Әрмен қарай мен ойлаймын қала тұрғындары да осы жерден жүргенде біреуге бұл өнегелі сөздер болатын болса, біреулер өткенде де қуана қарап, өздеріңе бір әсерлі, маңызды ойлар ала ма деген ойдамыз.

Қабырға бояу челленджін «Көркем сурет» колледжінің студенттері бастаған. Асхат Құсайыновтың айтуынша студенттер креативті іске эстафета бойынша кіріседі.

АСХАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Кеше ғана осы челленджді Инновациялық колледж студенттері қабыл алды. Ертең олар өздерінің жұмыстарын аяқтайды. Содан кейін Павлодар Политехникалық колледжінің студенттері олардан осы эстафетаны қабылдап алады.

Әр қабырғада үш түрлі тақырыптағы суреттер салынуда. Бірі этно стильде болса, өзгелері графити мен жануарлардың бейнесі. Басты жаңашылдық көркем туындыларды заманауи элементтермен ерекшелеу.

АСХАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Бірінші қабырғада біздің қазақтың көрнекті ақыны, Алаш орданың мүшесі Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлеңі әр түрлі жазумен салынды. Графити стилімен жазылды.

Шаһардың көркін ашатын туынды өміршең болып, тұрғындар қаламызға жаңаршыр болса деген тілек бар.