«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында «ЭкоДесант» шарасына шаһарымыздың еріктілері белсенді қатысты. Олар қала тұрғындарына қоқыстарды қалай дұрыс сұрыптау жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Толығырақ келесі сюжетте.

Таза Қазақстан акциясы аясында ұйымдастырылған ЭкоДесант шарасы біздің шаһарда ерекше қолдау тапты. Бұл шараның негізгі мақсаты – қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту. Еріктілер берілген аймақтарға барып, қала тұрғындарына бұл акцияның маңыздылығын түсіндірді.

Назерке Айдарбек, ерікті:

Бүгін біз Таза Қазақстан аясында Эко десант іс-шрасын өткізіп жатырмиыз. Бұл шара ай сайын 4-5 рет болады. Бұл шараның мақсаты қала тұрғындарына қаланың таза болуын, қоқыстарды сұрыптау туралы қала тұрғндарына түсіндіру шарасын жүргіземіз. Былай айтсақ көп нәтиже беріп жатыр. Себебі осы шара жастарға көп бағыт береміз. Қазір айтады ғой Қазақсатанның болашағы жастардың қолында деп. Тура солай осы болашақта жастар өздері таза ұғыммен басталса, біздің ұрпақтар даосы ұғымен жүреді деп есептейміз.

Еріктілердің айтуынша, мұндай шараларға қатысу тек қоршаған ортаны қорғау ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін де маңызды.

Сабина Жолдаспаева