«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Кезекті экологиялық шараға «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, еріктілер, жастар қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодарда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастар Усолка ауданын жинауға шықты. Негізгі мақсат тұрғындарды, жастарды экологиялық шараға қатысуға шақыру. Табиғат аясында қалған бөтелкелер, пакеттер мен қоқысты көргенде экологиялық шаралардың маңыздылығын түсінеміз. Осындай акцияларға жастардың қатысқаны да қуантады.

ЕРАСЫЛ ТҰРСЫН, ЕРІКТІ

Біз бүгін балалармен «Таза Қазақстан» акциясына қатысып жатырмыз. Біздегі мақсат қоршаған ортаны таза ұстау, қоршаған ортаны ластамау. Сонымен қатысып жатырмыз.

Жалпы шараға «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, еріктілер, студенттер қатысты. Бәрі де қолына қап алып, Усолканың аумағын тазартты.

АРИНА КРАСКОВА, «JASYL EL» ПОФ ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл ел» жасағының павлодарлық еріктілері 1000 қап, яғни 2 тоннадан астам қоқыс жинады. Оның ішінде бөтелке, пластик және өңделмейтін қоқыс жинаймыз. Павлодарлық штаб 30-нан астам экологиялық акция жасады. Оған 2 мыңнан астам адам қатысты.

Осылайша жағалау аумағындағы пластик, металл, шыны, қағаз, өнделмейтін қоқыстар жиналды. Ұйымдастырушылар «Таза Қазақстан» акциясы біркүндік шара емес дейді, сондықтан тазалық шараларына тұрғындарды қатысуға шақырады.

Самал Қалиқызы, Медет Кәрім, ЕА