№24 мектепте ГринПавлодар экоклубының отырысы өтті. Осы жолғы кездесуде «Жараланған арал» деректі фильмі оқушыларға ұсынылды. Шара «Таза Қазақстан» аясында өтті. Жалпы экологиялық клубтың жұмысы жайлы келесі сюжетте.

Павлодар қаласының №24 мектебінде экологиялық клуб биыл жұмысын бастады. Ол оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін арттыруға бағытталған. Жалпы үйірмеге аталған мектептен 25 оқушы қатысады.

ВЛАДИСЛАВ ВЕБЕР, №24 ЖОББМ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Соңғы кезде аң құсты заңсыз ату оның ішінде Қызыл кітапқа енген жануарларды ату сынды мәселе өзекті болып тұр. Бұл өте маңызды. Одан бөлек, су мен ауаның ластануы да бар. Бірақ ол әрқашан болған проблема. Бүгінгі фильмде біз экологиялық еріктілік туралы білетін боламыз.

Экологиялық клубтың отырысы барысында оқушыларға Эмалмедианың «Жараланған арал» деректі фильмі ұсынылды. Онда әр елден жиналған «Жасыл Арктика» жасағының еріктілері Арктикаға барып, сонда қалған қалдықтарды, қоқыстарды жинаумен айналысқаны көрсетілген. Осы фильм қатысушыларға қоршаған ортаны аялауды үйретеді.

ӘЛИЯ ШӘРІПБАЕВА, №24 ЖОББМ ДИРЕКТОРЫ

Грин Павлодар экологиялық клубының 3 отырысы бізде өтіп жатыр. Өте қуаныштымыз. Біздің мектеп Ассамблея кабинеті ашылған болатын. Ай сайын өтеді. Бұл іс шаралар маңызды. Оқушылардың экологиялық мәдениеті жоғарылайды. Біз үлес қосудамыз.

Жалпы Green Павлодар клубы тек даладағы қоқысты тазалау, қақпақ жинау сынды акцияларға қатыспайды. Олар әр ай сайын әртүрлі локацияда осындай мәні мен мағынасы жоғары фильмдерді көріп, оқушылардың экосауаттылығын арттырады.

Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА