Атомсфераны зиянды газдармен ластайтын автокөліктерді анықтау мақсатында өңірімізде «Таза ауа» атты акция өтті. Әлем бойынша мәселеге айналған көліктен бөлінетін зиянды газдар ахуалы өңірімізде қалай? Тілшіміз баяндасын.
Көліктер қазіргі таңда көміртегі тотығымен, азот оксидтерімен, альдегидтермен, көмірсутектермен, соның ішінде түрлі қосылыстарымен ауаны ластаудың маңызды көзі болып табылады. Ондай көліктерді анықтау мақсатында облыстық экологиялық департамент мамандары мен полиция қызметкерлері мен «Аманат» партиясы бірлесе отырып, жыл сайынғы «Таза ауа» атты акция өткізді. Оның аясында автокөліктердің шығарындыларында ауа қабатын ластаушы заттардың нормативтерден асып кетуін тексерді. Автокөліктің пайдаланылған газдары арнайы аспаптық өлшеу құралымен іске асты.
ЕРІК ЕГІМБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Автокөлік шығарындыларын тексеру "Мета-01МП түтін өлшегіш" құралымен жүргізіледі. Ол дизельді көлікті өлшейді. Мұндай машиналар үрленген және үрленбеген болады, яғни әр қозғалтқыштың өзіндік стандарты бар. Алынған деректерді нормативтік көрсеткіштермен салыстырамыз. Егер асып кету анықталса, біз бұл хаттамаларды полицияға тапсырамыз және олар айыппұл салады
Өткен жылы акция барысында 80 көліктің уыттылығы мен түтіні тексерілген. Автомобильдер әлем бойынша ауаны қатты ластаушының бірі болып табылады. Қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында ұйымдастырылған акцияда қызметкерлер түсіндірме жұмыстарын айтты. Мұндай тексерістерге жүргізушілер де түсіністікпен қарап, алдағы уақытта шараларды қолданатын болмақ.
ЕРІК ЕГІМБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Артық түтін атмосфераға зиянды заттар шығарылады. Мысалы, бұл бензин қозғалтқышы болса, одан көміртегі оксиді бөлінеді. Олар тыныс алу жолдарына, халықтың өміріне, флора мен фаунаға теріс әсерін тигізеді. Түтін дизель отынымен автокөлікпен сипатталады, онда шығарындылар күйе ретінде жүреді, сондықтан да қоршаған ортаға да кері әсер ететіні анық
Айта кетейік, мұндай автокөлік иелеріне ескерту немесе айыппұл салынады, Егер бірінші рет болса, онда 10 айлық есептік көрсеткіш, ал бір жыл ішінде қайталанып, ереже бұзылса, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Қымбат Садық