Халықтық штаб мүшелері Павлодар өңіріне келіп, жер-жерді аралап референдум бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындарды АЭС қай жерде салынады, кім құрылыс жүргізеді деген сынды сұрақтар мазалайды екен.

Атом электр станциясын салу негізі елдегі экономиканың барлық салаларына оның ішінде ғылым, білім, техника, әлеуметтік салаға пайдасын тигізері сөзсіз дейді халық қалаулылары. Сондықтан қарапайым халыққа ақпаратттандыру жұмыстарын жүргізуде.

ИСЛАМ СҰҢҚАР, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Біздің позициямыз нақты, біз бұл сұрақты зерттедік. Тиісті министрлікпен де кездестік. Бірінші қауіпсіздік. Жоспар бойынша 8 мың орын ашылады. Іске қосылғаннан кейін 2 мың орын ашылады. Алып келеді.

Осы ретте депутаттар референдумға қатысатын халық тек АЭС-тің салынуына ғана емес, Қазақстандағы атомдық энергияның дамуына дауыс беретін болады деп отыр депутаттар.

Әлбетте, таңдау халықтың өзінде. 6 қазан күні референдумда Қазақстандағы Атом электр станциясының тағдыры шешіледі.

Самал Қалиқызы