Таза бейсенбі. Облыс орталығында осындай атаумен кезекті экологиялық акция ұйымдастырылды. Оны кім қолға алды және кімдер қатысты? Келесі сюжеттен көресіздер.

Биыл еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды өтіп жатыр. Өңіріміздің экологиялық ахуалына бей жай қарамайтын, кез келген азамат оған қатыса алады. Осыған дейін қаламыздың барлық саябақтары, демалыс орындары қоқыстан тазартылды. Енді қаланың шеткі аумағына көңіл бөлінетін болды.

АЙНҰР МҰХАМЕДИЯРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сәуірде Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таза қазақстан акциясы бойынша ұсынысын беріді. Оны жастар бәрі қолдаған болатын. Таза бейсенбі акцциясы басталған еді. Зеленстрой мөлтек ауданы әдейін таңдалды. Қаланың іші таза болады ғой. Осы жастармен бірге бір тазалайық деп шықтық.

Акцияны «Аманат» партиясының Павлодар облыстық филиалы қолға алды. Аманаттықтар бастап, жастар қостап игі іс басталды. Студенттер тазалау жұмыстарына білек сыбана кірісті.

МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫ

Бүгін біз жастар қанатымен қаламыздың тазалаық шараларын жүргізудеміз. Қаланың тазалығын сақтауға тырысып жүрміз. Барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» акциясына 100-ден астам адам қатысты.

Самал Қалиқызы