Елімізде «Таза Қазақстан» науқаны жалғасуда. Бұл шараға «Жасыл ел» сарбаздары да белсене атсалысып, шаһарымыздың көшелерін тазалау жұмыстарын бастады. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қала студенттері бастамаға білек сыбана кірісті. Олардың қатарында «Жасыл ел» сарбаздары да бар. Белсенділер Конституция алаңында гүлдер отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Жас келсе іске демекші, отряд сарбаздары көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс жұмыстарын атқарады. Әр жасақтың командирлері бар. Абаттандырумен қатар, сарбаздар сол көшелерді бақылауда ұстамақ.

Науқан аясында сарбаздар келешекте ағаш отырғызуды қолға алмақ.

Салтанат Бауыржанқызы