«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Кезекті экологиялық шараға «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, еріктілер, жастар жалпы 500-ге жуық адам қатысты. Бір күн ішінде 5 тоннадай қоқыс жиналды. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодарда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ЭКо дэй» іс-шарасы ұйымдастырылды. Негізгі мақсат тұрғындарды, жастарды экологиялық шараға қатысуға шақыру. Бұл жолы тазалық сенбілігі павлодарлықтардың сүйікті демалыс орны Усолка мөлтек ауданында өтті. Табиғат аясында қалған бөтелкелер, пакеттер мен қоқысты көргенде жерлестеріміздің экологиялық мәдениетін әлі де көтеру керек пе деп қаласыз.

РУСАНА СУЛАЙМАНОВА, «JASYL EL» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бүгін таза Республика аясында Жасыл Павлодар облыс штабы жастар бірігіп акция жүргізіп жатыр. Акция тек сенбі күні ғана болмайды, басқа күндері де болады. Оған себеп жастарды белсенділігі. Біздің кішігірім ісіміз үлкен жетістікке жеткізеді деген сенімдеміз.

Жалпы шараға «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, студенттер қатысты. Бәрі де қолына қап алып, Усолканың аумағын тазартуға кірісті.

Осылайша жағалау аумағындағы пластик, металл, шыны, қағаз, өнделмейтін қоқыстар жиналды. Ұйымдастырушылар «Таза Қазақстан» акциясы біркүндік шара емес дейді, сондықтан тазалық шараларына тұрғындарды қатысуға шақырады.

РИЗАТ РАХИМЖАНОВ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтіп жатыр. Біз сенбілікпен шектеліп қана қоймаймыз. Тұрғындарды қоқысты бөлу бойынша ақпараттандырамыз, себебі экологиялық мәдениет бәрінен де маңызды. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын бастаған экологиялық акцияларды қолдауға шақырамыз. Бізбен бірге берілген аумақты тазалауға, өз үлесіңізді қосуға шақырамыз. Себебі дәл осындай шаралардан кейін біздің қаламыз одан сайын әдемі болады.

Айта кетейік, «ECO DAY» акциясына 500-ге жуық павлодарлық қатысты. 5 тонна қоқыс жиналды.

Самал Қалиқызы