Елімізде «Таза Қазақстан» науқаны жалғасуда. Бұл шараға «Жасыл ел» сарбаздары да белсене атсалысып, шаһарымыздың көшелерін тазалау жұмыстарын қолға алды. Облыс орталығының көшелеріне гүл екті. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қаламызда «Таза Қазақстан» науқанына жастар белсенді ат салысты. Олардың қатарында «Жасыл ел» сарбаздары да бар. Студенттер шаһарымызда гүлдер отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

ДАМИР БЕГІМБЕТОВ «ЭКО-TEAM» ОТРЯДЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Мен «жасыл ел» топтық отрядының командирімін. Біздің отряд мүшелері ақпараттық технологиялық колледжінің студенттерінен құралған. Топта 48 сарбаз бар. Сондықтан біз екіге бөілініп қызметімізді атқарып келеміз. Қазіргі уақытта осы алаңды аббаттандыру мен қатар, гүлдер отырғызумен айналысудамыз. Бүгін екінші күн жұмыс жасап жатырмыз, ауа райы да жұмысқа өте қолайлы.

Жасыл ел ұйымы түрлі бағытта жұмыс жасайды. Оған 16мен 30 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Отрядтартардың әр бірінің өз командирлері бар. Әр отряд өз көшелерін бақылауда ұстамақ.

ДАМИР БЕГІМБЕТОВ «ЭКО-TEAM» ОТРЯДЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Топ мүшелеріне жұмыстары ұнайды. Бұған қоса, жалақы табуға мүмкіндік бар. 45 минут еңбек етсе, 15 минут үзіліс жасайды. Жаз уақытында таптырмас жұмыс деп ойлаймын. Қаланың көркеюіне де үлестерін қосуда.

Науқан аясында жастарымыз табиғатқа қамқорлық таныту әр адамның міндеті екендігін алға тартты.

Салтанат Бауыржанқызы