Павлодарда екінші жыл қатарынан «Жасыл Уикенд» шарасы ұйымдастырылды. Оған өңірдің экологтары, табиғатқа бейжай қарамайтын азаматтары қатысты. Жобаның маңыздылығы қандай? Тілшіміз айтсын.

Қаламыздың Усолка мөлтек ауданында «Жасыл Уикенд» шарасы өтті. Алдымен қала тұрғындары мен қонақтары викториналық сұрақтарға жауап берді. Сауалдар өңірдің экологиясына, табиғатына, ауа-райына қатысты болды. Жоба қатысушылары шеберлік сабақтарын өткізді.

АНАР КӘРІМЖАНОВА, «PRO-АРТ» СТУДИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ

Біз бүгін экологиялық шараға қатысып отырмыз. Біздің студиямен шеберлік сыныбы өтуде. Балалар экология тақырыбында суреттерін салып жатыр. Шара соңында өз жұмыстарын алып кете алады.

Павлодар облысының экологиясы қашан да көпшілікті алаңдатады. Сондықтан экотәрбиені негізгі бала тәрбиесіне енгізген жөн. Себебі, бала қоршаған ортаны, табиғатты сүйе білу керек дейді, жоба қатысушылары.

АЛЕКСАНДР ВЕРВЕКИН, «ПАВЛОДАР ГЕОГРАФИЯ ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Шараға География үйі де қатысып жатыр. Біз Ертіс өзенінен шыққан қоқыстардың суреттерін алып келдік. Сонымен қатар, ешқашан ешкім сенбілік жүргізбейтін ормандар мен шағын аралдарда табылған қоқыстың суреттерін де әкелдік. Сонымен қатар, экология, қоршаған ортаны қорғау туралы біраз кітаптарды әкелдік. Қазіргі таңда экологиялық сұрақтар өте маңызды, сондықтан оған бейжай қарамау керек.

«Жасыл Уикенд»-ке экологтар, кәсіпкерлер және қала тұрғындары қатысты.

АНСАР ӘЛЕШЕВ, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Халықты ақпараттандыру мақсатында басқармамен экологиялық шара өтіп жатыр. Осымен екінші жыл өткізілуде. Тұрғындармен түрлі ойындар жүргізіліп, викториналық сұрақтар қойылды. Қатысушыларға түрлі сый-сияпаттар әзірленді.

Айта кетейік, «Жасыл уикенді» облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы қолға алды. Осымен екінші жыл қатарынан өтті.

Самал Қалиқызы, Юрий Белевский, ЕА