«Халықтың денсаулығы-таза табиғатта» Қазақстан халық партиясы депутаттары осы ұранды арқау етіп, облыс орталығы тұрғындарын табиғатты күтіп, батпауға шақырды. Толығырақ алдағы сюжетте.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Таза Қазақстан экологиялық акциясы барысында халық қалаулары Усолка шағын ауданында осындай ақпаратты стенд орнатты. Мақсаты халық арасында қоршаған ортаны қорғау мәселесін насихаттау.

Шаһардың бұл ауданы демалушылардың сүйікті орны. Алайда, қала тұрғындары уақыт өткізгеннен кейін тазалық сақтамай, өзінен кейін қоқыс жинамай кетеді. Қазақстан халық партиясының мүшелері қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеп, экологиялық мәдениетті сақтауға шақырды. Себебі, тілсіз жау – от пен күл-қоқыс экологияға кері әсерін қалдырады.

АЛИМБЕК АГИБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз азаматтарымыздың құқықтық санасын жетілдіріп, түсіндіру жұмыстарын өткіземіз. Экология - өңірімізде күрделі тұрған мәселенің бірі. Партия жұмысының жоспарында, табиғатты аялап, құл қоқыстан тазарту бар. Бұл бастаманы келешекте жалғастыруды көздеп отырмыз. Усолка шағын ауданындағы Ертіс өзінінің жағасы ең ластанған жерлердің бірі. Осы орайда бұл жерден бастауды жөн көрдік. Демалып жатқан тұрғындармен сөйлесіп, тазалық сақтауға шақырамыз.

Ескертуге құлақ аспайтын демалушылар үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Айыппұл арқалайды. Себебі, табиғатты қорғау-әр азаматтың парызы

ШАМИЛЬ ЕЛУБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Құқық бұзушылық жасап, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жаза қарастырылған. Қоқыс тастап қоршаған ортаны ластаған азаматтарға 10-нан 20 АЕК-і яғни 372-бап бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Егер демалушылар ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзса, 100-ден 150 АЕК-ке дейінгі айыппұл қарастырылған.

Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Айта кетейік, партия мүшелері бұдан бұрын «Таза Қазақстан» экологиялық акция барысында қарттар үйінің ауласын тазалаған.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ. ЕА.