«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі @TazaQazBot телеграм-чат-боттын іске қосты. Қосымша арқылы ыңғайлы түрде экология мәселелері жөнінде өтінімдер қабылданбақ.
Енді кез келген азамат қоршаған ортаны қорғау түйіткілі аясында шағым жеткізе алады. Өтінім фотосурет пен бейнематериалмен қоса жіберілуі жөн. Себебі, бұл дереу шешім шқабылдап, іске жауаптыларды анықтауға көмегін тигізеді. Бұған қоса, шаһар тұрғындары саябақтар мен жеке аумақтар мәселелерін жеткізуге, жұмыс аяқталғаннан кейін шешімін көріп, кері байланыс таныта алады. Ал жауапты мекеме кері байланысты тиісті уақытта жіберуге тиісті. «Таза Қазақстан» сервисі әр азаматқа тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға мүмкіндік бере отырып, елдегі экологиялық қалыпты жақсарту мақсатын көздейді.
САЛТАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ. ЕА