Павлодарда «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері 98 мың тонна қоқыс шығарылды. Бұған жалпы саны 330 мыңдай адам қатысқан. 29 мың түп ағаш егілді. Экобелсенділер аптасына екі рет сенбілікке шығып, қала көшелері мен өзен жағалауына күл қоқыстарын тазартып жатыр. Бұдан бөлек еріктілер тұрғындарды қаламызды таза ұстауға үндеп, арнайы үн парақтар таратуда. Мақсат экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
БЕКТАС УАЛИТОВ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Осы «Таза Қазақстан» республикалық акциясының аясында бізде көптеген іс шаралар өтіп жатыр. Мысалы, бүгінгі экодесант аптасына екі рет өтеді. Біз осы Павлодардың жағажайында, Усколка районында көшелерде, парктерде қоқыс жинаймыз. Біздің қала тұрғындарына үн парақты таратып, яғни, біздің қаламызды таза ұстап, оны жинап, аялап ұстауға шақырамыз.