Аманаттықтар мен еріктілер облыс орталығындағы қарттар үйінің аумағын тазалады. Шара «Таза Қазақстан» жобасы аясында қолға алынды. Игі істің басы қасында болған тілшіміз жалғастырсын.
Қаламыздағы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде 273 зейнеткер тұрады, оның 94-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Әлеуметтік нысанның аумағы үлкен, сондықтан оны тазарту, жинау жұмыстарына еріктілердің қосылғаны артық етпейді, дейді қарттар үйінің басшысы.
МАРИНА СТРЕЛКОВСКАЯ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҮЛГІДЕГІ ҚАРТТАР ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТЕР ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ
Өздеріңіз көріп тұрғандай нысанның аумағы үлкен. 3,3 гектарды құрайды. Сондықтан өз күшімізбен аумақты тазалай алмай жатамыз. Бүгін акция аясында бізге көмек көрсетуге аманаттықтар келді. Олар жүйелі түрде бізге келіп тұрады. Бүгін міне аумығымызды тазартып жатыр. Осы көктемде осы «Аманат» партиясы келіп, гүлдер отырғызған еді.
Осылайша аманаттықтар мен еріктілер қолдарына сыпыртқы, күрек алып қарттар үйінің аумағын ескі қоқыс, кепкен шөп-шалаңнан тазалауға барын салынды. Тазалық акциясы «Таза бейсенбі» аясында өтті. Жастар игі істің басы-қасында жүргеніне қуанады. Жалпы тазалық шарасына 50-ге жуық адам қатысты.
МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ПОФ БАСШЫСЫ
Бүгін қарттар үйінде жалпы 40-тан астам «Жастар рухы» ЖҚ, Жастар бастамаларының белсенділері қатысуда. Бүгін қарт адамдарға көмектесіп қақа қою емес, олардан үлгі алуға жақса себеп болып тұр.
Айта кетсек, шара барысында жастар аумақты тазартып қана қоймай, осындағы қариялармен тілдесті, үлкендердің өсиетін тыңдады. Негізі шараның мақсаты тазалық акция аясында ұрпақ сабақтастығын сақтау.
Самал Қалиқызы