«Таза Қазақстан» акциясы аясында ел бойынша түрлі тазалық сенбілері ұйымдастырылып келеді. Бұдан бөлек экологиялық мәдениетті арттыру аясында да кездесулер, басқа да жобалар қолға алынды. Қоғамның бір мүшесі жастар болғандықтан, осы жолы олармен кітапханада экологиялық шара өтті.
Экологиялық сұрақтар қашан да маңызды. Әсіресе өндірістік аймаққа айналған біздің өңірде қоршаған орта және оны қорғау мәселелері бірінші орында. Осы ретте жастар арасында экологиялық сауаттылықты, мәдениетті көтеру мақсатында түрлі шаралар өтеді. Олардың бірі қаламыздағы кітапханалардың бірінде болды
РАМИЛЬ СМАЙЫЛОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ
Біз жастар шарасы десек бірден флэшмоб, би, ән, фестиваль есімізге түседі. Олай болмауы керек, біздің жастардың экологиялық мәдениетін, оқу мәдениетін көтеру керекпіз. Сол үшін бүгін кітапханаға жиналдық. Қазір кітап оқитын азаматтар өте аз. Әсіресе жастар. Шынында барлық білім осы кітапханада жатыр. Яғни кітап оқыған адам, планшетте отырған адамды басқаратын кезең. Сондықтан кітапхананы таңдадық.
Алдымен жастарға Мэтт Брейдидің 2020 жылы шыққан «Жершарын сақтап қалу» деген фильмі көрсетілді. Әлбетте бір жарым сағаттық фильмнің үзіндісі ғана ұсынылды, кейін жиналғандар оны талқылады.
АМИРА ДҮЙСЕКЕЕВА, ҚАТЫСУШЫ
Бүгінгі шара маған ұнады. Оған жастардың қатысқаны да жақсы. Қоршаған ортаны қорғау, экология сұрақтары қашан да маңызды. Сондықтан маған ұнады. Көрсетілген фильм де ұнады, оны достарыммен бөліскім келеді. Негізгі мақсат қоршаған ортаны табиғатты аялауды, қорғауды үйренгім келеді. Өзімізден бастау керек бәрін.
Экологияны сақтап қалуды әр адам өзінен бастаған дұрыс. Үйін, ауласын, жан-жағын таза ұстаған адам жер шарының таза болуына осылайша үлес қосады. Экологиялық таза заттарды қолдану, су, электр энергиясын үнемдеп пайдалану, отырған жерге қоқыс тастамау сынды қарапайым әдеттерді бала күннен бойға сіңірген дұрыс.
Самал Қалиқызы