«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатқа қамқорлық жасаудың маңызды қадамы. Бастама аясында Усолка шағын ауданында Ертіс өзені жағалауында «ECO-DANCE» іс-шарасы өтті. Еріктілер таң сәресінен жиналды. Қолдарына қолғаптар мен қаптарды алып, жағалауды қоқыстан тазартуға кірісті. Келесі бейнесюжетте.
«Таза Қазақстан» акциясы бірнеше маңызды мақсаттарды көздейтін экологиялық акция. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтып, табиғи ресурстарды қорғауға көмектеседі. Ұйымдастырушылардың айтуынша акция адамдарды экологияға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Ал азаматтар өз кезегінде қоршаған ортаны қорғап зиян келтірмеуге тырысады.
АРИНА КРАСКОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ШТАБЫНЫҢ КОМАНДИРІ
Таза Қазақстан республикалық акциясы аясында «Эко Би» экологиялық іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Біздің іс-шара экологиялық тазартудан басталады. Яғни Усолка шағын ауданының жағалауындағы аумақтарды тұрмыстық қоқыстан тазартамыз. Бұдан кейін қатысушылар үшін ойын-сауық бағдарламасы өткізіледі. Олар би билеп, түрлі ойындарға қатысады. Біз үнемі осындай акцияларды қолдап отырамыз. Келешекте сенбіліктер ұйымдастырылады.
Акция қатысушыларының айтуынша, бұл шара экологиялық жағдайды жақсартуға және жастар арасында табиғатты құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Айта кетейік, «Жасыл ел» студенттік жасақ екі маусым бойы еңбек етеді.
КАМИЛЛА АЛДАЖҰМАНОВА, ЕРІКТІ
Бүгін мен еко денс акциясында қатыстым, біз Ертіс бойындағы мусорларды. Бутылкаларды жинап өттік примерно 10-15 қаптай жинадық. 2 жыл болды мында жұмыс істеп жүргеніме, мен биыл командир болып өттім.
АРАЙЛЫМ ҚАЙРОЛЛА, ЕРІКТІ
Осы жасыл ел отрядында мен 1 жыл қатысып жүрмін мусор жинауды ұнатамын өзім өйткені мусор жинағанда даланың бейнесі әдемі болады достарымда көп осында.
ДАНИЯ БАЛТАБАЙ, ЖАСЫЛ ЕЛ ШТАБЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ
Бүгінгі іс-шараға 20-дан аса волонтер қатысты.
Айта кетейік бүгінгі экологиялық акцияға 20-дан аса ерікті өз үлесін қосты.
САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ ЕА