Мамыр айының 7-ші жұлдызы елімізде Отан қорғаушылар күні тойланады. Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында құқық қорғау, шекара, әскери бөлімі мен прокуратура офицерлері, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс алдында сіңірген еңбегі үшін марапатталды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Салтанатты шара өңір басшысы Асайын Байхановтың құттықтау сөзінен басталды. Бұдан кейін облыс әкімі атынан қызметтік борышын үлгілі атқарған, жоғары кәсіби біліктілігі, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан қомақты үлесі үшін өңіріміздің құқық қорғау саласының қызметкерлері салтанатты түрде марапатқа ие болды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

7 мамыр ең біріншіден батылдық пен ерліктің мерекесі сондықтан атадған мереке жеңіс күні қарсаңында аталып өтуде. Ел Президенті Қ.Тоқаев Отан қаисетті парыз әрі мәртебелі міндет деп атап өтті. Бұл ретті баршыңазыға еліміздің тыныштығы үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Бұл күні еңбегі еленіп, көшеметке бөленгендер қатарында Сержан Жайна да бар. Ол қаламыздағы №6679 әскери бөлімінде еңбек етеді.

Ел тыныштығы біздің қызметтің басты құндылығы дейді жауынгер.

СЕРЖАН ЖАЙНА, №6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ

Келісім шарт негізінде 6 жыл 6679 ұлттық ұланда қызмет атқарып келемін. Қазір маманда қызметі бөлімше командирі айдауда взводым лауазымындамын. Бүгін Отан қорғаушы күнімен барлық азаматтарды құттықтап. Бұл мереке ер адамдар үшін ерекше мереке абыройлы міндетті атқаруға құттықтаймны.

Өскелең ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру басты назарда болғаны жөн. Кейін мерекелік шара концерттік бағдарлама ұласты.

Әйгерім Тоқпанқызы