Павлодар өңірінде 9 музей жұмыс істейді. Оның ішінде 6 облыстық 3 аудандық музей бар. Солардың бірі облыс орталығындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі. Мәдени ошақ 1942 жылы құрылған.
Бұл Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі. Мұражайдың негізгі экспозициясы осы сәулет ескерткіші десек болады, ғимараттың өзі 1890 жылдары салынған тарихи орын. Мұнда бірінші гильдия көпесінің сауда үйлері орналасқан. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан.
ЖЕҢІСБЕК ҚАДЫРҰЛЫ, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСОВОД ЖЕТЕКШІСІ
Енді Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи өлкетану музейіне қарайтын Ертіс музейі, Майра Шамсутдинова атындағы ән шщығармашылық музейі, Багаев атындағы музей бар, Әскери даңқ музейі, Екібастұздағы тарихи өлкетану музей, Ақсуда қаласында орналасқан музей бар. Сонымен қатар Шарбақтыдағы музейлердің барлығы жұмыс жасайды.
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Потанин аты берілді. Музейдің негізін қалаған фотограф, өлкетанушы Дмитрий Багаев. Мұражай экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 10 залда орналасқан. Музей қоры музей қызметінің ғылыми көрсеткіші және ерекше мақтанышы болып табылады. Музей қорының топтамасы жылдан жылға көбейіп, олардың ғылыми өңдеуі жетілдіруде. Музей қорында 112 мыңнан астам негізгі қорға жататын экспонаттары бар.
ЖЕҢІСБЕК ҚАДЫРҰЛЫ, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСОВОД ЖЕТЕКШІСІ
Потанин музейіндегі ең құнды жәдігерлер Бокко деген бас киімі бар. 13-14 ғасырда сақ әйелдері киген бас киім деп аталады. Бір жағынан біздің сәукелемізге ұқсайды. Соымен бірге табылған күміс айна бар. 1939 жылы табылған Ақтоғай ауданы Краснокутскада қазба жұмыстар жүргізілген кезде дулыға, кіреуке, мыс қазанның, жүгендердің оқтардың табылғаны түпнұсқалардың бәрі біздің музейде көрініс тапқан. Баянауылдан бал-бал тастар бар, мамонттар бар.
Музей жинақтарының негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, фотосуреттік, құжаттық, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару-жарақтар топтамалары құрайды. Дәрістік және экскурсиялық жұмысымен қатар музей республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер ұйымдастырады.
Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА