Павлодарда Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Май ауданының құрметті азаматы Рашид Бектеміровтың «Зұлмат» кіктабының тұсауы кесілді. Деректі көркем туындыға өткен ғасырдың 20-30 жылдары халықтың бастан кешкен тағдыр-тауқыметі арқау болды.
20-30 жылдар қазақ халқы үшін ауыр сынақ болғаны анық. Содыр саясат сол уақытта ешкімді аяған жоқ. Халықтың барынан айырып, нәубетке ұшыратты. Рашид Бектеміровтың ашаршылыққа арнаған екінші кітабы сол кезеңнің шындығын, нақты деректер мен естеліктрге сүйене отырып қамтиды.
РАШИД БЕКТЕМІРОВ, «ЗҰЛМАТ» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛСИТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Зұлмат» кітабын жазуыға үш-төрт жыл кетті. Дайындалып, тиянақты жазу керек болды. Көп ізденіс жасадым. Кітапхана, архивтерде болдым. Жастар білсін деп. Өткен ғасыр қазақ үшін ақсірет, оны жазу одан сайын қиямет.
Тарих - халықтың өткен өмірі. Ал, өткенін саралау болашақ үшін қажет. Кітаптың жазылу мақсаты да енді осындай тауқімет болмасын деген ой мен ниеттен туды. Шара облыстық ардагерлер кеңесінің ғимаратында өтті. Оқырманға жол тартқан кітап та ақсақал буынның кейінгі ұрпаққа айтқан шерлі шежіресі деуге болады.
РЫМТАЙ ШӨКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазіргі жастар үшін. Енді сондай біздің тарихымызда болмасын деп. Ашаршылық, соғыс болмасын деп. Соған тәлім-тәрбие көрсету ретінде бұл кітап жазылып отыр. Бұл кітаптың маңызы өте зор деп есептеймін.
Тұсукесер шараға зиялы қауым өкілдері, аймақ ақсақалдары, жастар қатысты. Еңбектің құндылығы мен жалпы оқырман үшін, қажет болса ғылыми таным жолындағы тағылымына тоқталды. Баршасы авторға алғыс айтып, шығармашылық жолына табыс тіледі.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ ЕА