Май ауданында суармалы егіншілік дамуда. Мәселен, «Май Агро – М» жауапкершілігі шектеулі серіктесіті мың жарымға жуық гектар алқапқа астық пен көкеніс егуді бірнеше жылдан бері қолға алған.
Бұл «Май Агро-М» қожалығының егіс алқабы. Бұнда қазір көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде. Барлық қажетті тұқымдар жеткізілген. Жұмыстың жалпы 50 пайызы аяқталған.
ДУЛАТ БЕКЕТОВ, «МАЙ АГРО-М» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Осы жұмыспен айналысып жатқанымызға 2017 жылдан бастап 7 жылдың аясы болды. Қазіргі таңда поляларды дайындап, егістік жұмыстарын дайындап жатырмыз. Қазір картоп егіп жатырмыз. Суармалы жер. Кредитіміз алынған. Соның көмегімен тыңайтқыштардың бәрі алынған.
Картоптан бөлек арпа, қарабидай, жоңышқа, бидай егіледі. Биыл бидайдың элиталы тұқымы Ресейден әкелініпті. Тұқым себу жұмыстары мамырдың 25 не қарай аяқталады деп жоспарлануда. Қожалық жеңілдетілген несиеге де қол жеткізген. Субсидияға құжаттарын өткізіпті. Енді, тек еңбектің берекесін көрсек болды дейді шаруа.
ДУЛАТ БЕКЕТОВ, «МАЙ АГРО-М» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Бұрын осы жерде аграном болып жұмыс істеген адамдармен сөйлескенде Павлодар бойынша ең қауіпті аймақ болып есептелінеді. Енді ол кезде сурамалы жердің көлемі аз болған соң құжаттарды көредік. Барлық технологияны жасаң неге істемске. Алып жатқан көлеміміз көңілге сиымды.
Алқапқа су Ертіс өзеніне тартылған. Қожалық алдағы уақытта да суармалы алқапты ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ғылым мен технологияны ұштастырса мол өнім алуға болатындығын айтады шаруалар.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, МЕДЕТ КӘРІМ ЕА, МАЙ АУДАНЫНА