Жерлесіміз Сербияда өткен «Ұлттық кубок» халықаралық бокс жарысынан алтын медальмен оралды. Чемпионды қарсы алу сәтіне облыстық мәслихат төрағасы мен халық қалаулылары да қатысты.
Павлодар қаласының теміржол бекетінде халықаралық жарыстың чемпионын қарасы алу рәсімі өтті. Оны облыстық мәслихат төрағасы мен халық қалаулылары, туған-туыстары мен достары салтанатты түрде күтіп алды. Жас спортшы бокспен 6 жыл бойы шұғылданып келеді. Осымен 4-інші рет халықаралық бокс жарысына қатысқан. Сербияның Врвас қаласында өткен бокста жасөспірімдер сынға түсті. Ақсулық Жандарбекте күш-жігері мен дайындығы арқасында үздік нәтиже көрсетті.
ЖАНАРБЕК ҚУАНЫШҰЛЫ, ЖАС ЧЕМПИОН
Бірінші қарсыласымыз Италияныкі болды, мықты қарсылас болды. Оны 3:00 есебімен ұттық. Финалдық жекпе-жекте Италиямен шықтық, 2:1 есебімен ұтып, чемпион болдық.
Жас чемпион бұған дейін Қазақстан Чемпионатында 2 орын иеленген. Сондай-ақ, бірнеше жарыстарда топ жарып, жүлдегер атанған. Бапкерінің айтуынша, мұндай жарыстар мол тәжірибе береді.
РАЙ АҢСАҒАН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Бұл баланы 10 жасынан бастап тәрбиелеп келемін, былай айтқанда қол шәкіртім. Екеуміз 6 жылдан аса осылай еңбектеніп келеміз, басында әрине қиын болды. Мынау осымен төртінші үлкен халықаралық жарысы. Былтыр осы уақытта Балқаш қаласындағы халықаралық жарыстан, Қазақстан Чемпионатынан күміс жүлде алды. Серік Сәпиевтің құрметіне өткен жарыста 1 орын, олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың Астанада өткен жарысында екінші орын алды.
Чемпион оқу мен спортты қатар алып жүр. Ол биыл Ақсу ауылдық аймағына қарасты, Береке ауылындағы орта мектепте оқиды. Алға қойған мақсаты айқын. Өз кезегімізде спортшыға бағындырар белесі көп болуын тілейміз.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ӘЙКЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, МЕДЕТ КӘРІМ, ЕА