«Майдан жолы» іздестіру жасағы облыс тұрғындарына «Батырлар жолымен» жобасын таныстырды. Жоспар бойынша, жасақ маусым айында Беларусь Республикасына аттанбақ. Бұл сапардың мақсаты қандай? Келесі сюжеттен біле аласыз!

«Батырлар жолымен» жобасы Беларусь жерінің жаудан азат етілгеніне және жерлесіміз Михаил Катаевтың қаза болғанына 80 жыл толуына орайластырылды. Беларусь Республикасына барлығы 10 адам барады, оның үшеуі – Абай облысынан. Басты мақсат – хабарсыз кетіп, жоғалған қазақстандық жауынгерлерді іздестіру.

АЛЕКСАНДР ШИТОВ, «МАЙДАН ЖОЛЫ» ІЗДЕСТІРУ ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Беларусь Республикасына бір екінші рет барамыз. Алғаш рет 2022 жылы болдық. Сол жылы 18 жауынгердің денесін тауып, Беларусь жерін азат етуге қатысқан барлық жауынгерлерімізге гранит ескерткішін қойдық. Осы жылы іздестіру жұмыстары негізінен Витебск облысында жүргізіледі. Бұл аймақты таңдауымыз бекер емес. Облыстағы Дубровна ауданында көп жауынгеріміз қаза тапқан. Сондай-ақ, архив деректері бойынша, ондағы мемориалды кешенде жерленген 10 000-нан аса жауынгердің 1 700-і – қазақстандық. Сол себепті, олардың ұрпағы ретінде, өз парызымызды атқарғымыз келеді.

Жоба аясында Кеңес одағының батыры Михаил Катаевтың құрметіне МОзырь қаласында ескерткіш орнатылады.

АЛЕКСАНДР ШИТОВ, «МАЙДАН ЖОЛЫ» ІЗДЕСТІРУ ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Іздестіру жұмысы аяқталған соң, біз Мозырь қаласына барамыз. Ондағы орта мектепте ескерткіш орнатылады. Ол жер де арнайы таңдалып, келісілген. Беларусь жастары да олардың азаттығы үшін күрескен қазақстандық батырлардың еңбегі туралы біле алады.

Батырға арналған ескерткіш биіктігі – 2 метр. Оның тұғыры граниттен, бюсті қоладан жасалған. Ескерткіштің салтанатты ашылуына қазақстандық делегациямен қатар, жергілікті жұртшылық қатыспақ.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА