Екібастұзда төртінші рет оқушылар арасында Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. Бұл жолы барлық облыс пен республикалық үш қаладан келген 63 оқушы бақтарын сынады.

Шараның ашылу салтанаты Естай атындағы музыка мектебінде өтті. Өнер ошағының тәрбиеленушілері қадірменді қонақтар алдында өнер көрсетіп, ән тарту жасады. Философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілікті өскелең ұрпаққа жеткізу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту жиынның басты мақсаты.

НАРТАЙ ЖҮСІПОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Мәшһүр Жүсіп оқулары бұнымен бітпейді. Жалғаса береді. Дәстүрлі. 20 томдық мұралардың ішінде қарастырам, зерттеймін деген мәселе көп. Ол кісінің ғылыми бағыттары көп. Алдағы уақытта соның бәрін зерттейтін оқушылар табылады деген үміттеміз.

Оқушылар әр облыстан, республикалық қалалардағы мектептерден келді. Әрқайсысы зерттеу жұмыстарына әр түрлі тақырыпты арқау еткен.

РАХИЯ ҚАБАЛХАН, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ №9 ЛИЦЕЙІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ)

Өз шығармаларында хандарды, билерді өз кезегіндегі бақсылардың ұлы тұлғалардың бейнесін сипаттаған ғой. Мысалы, Абылай ханды, Бұқар жырауды, Кенесары туралы жазған. Оқушым осы бағыттағы шығармаланы зерттеп, жұмысын ұсынады.

Мәшһүр Жүсіп оқулары жалпы төрт бағыт бойынша өтті. Соның бірі ақын жастарға арналған, арнау өлеңдер номинациясы.

ЕРКЕБҰЛАН ТІЛЕНІШ, ЮРИЙ ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ОҚУШЫСЫ (АҚСУ АУЫЛДЫҚ АЙМАҒЫ)

Жалпы Бізге берілген тақырып Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы арнау. Арнайы зерттеп жаздым. Басқа қандай тапсырмалар болады білмеймін. Әділқазылар өздері айтар.

Мәшһүр Жүсіп оқуларына ақындар мен жазушылар, филология ғылымдарының докторлары мен кандидаттары қазылық етті. Шара алдағы жылдары да дәстүрлі түрде жалғаспақ.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНАН