Түркітілдес жазбалар күніне орай «Түркі өркениеті: тарих шындығы және бүгінгі көзқарас» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Алдағы сюжеттен көрейік.

«Түркі жазуы» күні 2014 жылдан бері кең көлемде аталып келеді. Жиынның мақсаты – түркі этностарының мәдениеті мен өркениетін дәріптеу. Сондай-ақ, көне жазбалардың тарихын айқындап, зерттеу еңбектерінің нәтижесімен бөлісу.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл түбі бір түркітілдес халықтар үшін маңызды әрі ортақ шара деп айтсақ артық айтқандық болмас. Себебі, оларды біріктіріп тұрған ерекше дүниелердің бірі бірнеше тармақтарға жіктелген көне түркі тілі деп аталады Сондықтан, көпұлтты қасиетті мекеніне айналған Қазақстан ана-тіліміз бен қатар өзге тілдің дамуына, оның ішінде тамыры тереңге жатқан туыстас бауырларымыздың тілдеріне толық жағдай жасап келеді.

Конференцияда елордалық ғалымдар баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды. Түркі тілдес халықтарының мәдени мұрасы, жазба мәдениетінің тарихы, тіл және дүниетанымы тақырыптары кең талқыланды.

ЖАНТАС ЖАҚЫП, УНИВЕРСИТЕТ ПРОФЕССОРЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫ)

Біраз жылдан бері Республика көлемінде халықаралық деңгейде түркі жазуларының күні өткізіледі. Біздің қазақ түркі өркениетінің бөлінбес бір бөлшегі, сондықтан да бұл біздің өзімізді тану үшін, өзгеге өзімізді таныту үшін керек күн.

Еліміздің ғалымдары ежелгі түркі жазуының кешегісі мен бүгінгісін талқылап, түркілік өркениетті көпшілік қауымға кеңінен насихаттау туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Дәстүрлі конференция қала мектептерінен қатысқан ұстаздарға мол мағлұмат берді.

СЕРІК ЕЛІКБАЙ, ПРОФЕССОР, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

Түркі жазуы, түркі мәдениеті, түркі ұғымен мен танымы дейтін бұл қайта жаңадан үлкен бағытпен қолға алынып жатқан дүние. Осы жағынан алып қарасақ, бұның Павлодар-Кереку өңірінде өтуі де ғажап.

Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған мұндай шара мыңдаған жыл бұрын Қазақстан аумағында көне өркениеттің, тарихи үрдістердің болғаны туралы білімімізді кеңейтуге мүмкіндік берері анық.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА