Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері №5512 әскери бөлімінің офицерлері мен әскерилерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Мерекелік концерт ұйымдастырып, сарбаздарға керемет көңіл күй сыйлады.

Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында қаламыздағы №5512 әскери бөлімінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Алдымен бөлімдегі офицерлер мен қатардағы жауынгерлерді Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі келіп құттықтады. Концерттік бағдарлама ұсынды.

АЙМАН ЖАНКАРИНОВА, «НҰР АНА ӘЛЕМІ» ҚБ МҮШЕСІ

Бүгінгі Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын. Әр шаңыраққа құт береке әкелсін. Жаңа Қазақстан болашағы жарқын болсын деп тілеймін. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

Сонымен қатар, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай бөлімде марапаттау рәсімі өтті. Қызметінде жақсы нәтиже көрсеткен әскерилер наградаларға ие болды.

АРМАН ӘБДІРАСУЛОВ, №5512 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Әскери бөлім бізде толық құрам жек құрам әскери қызметшілерге наградалар табысталды. ШӨ қолбасшылар атынан наградалар жеткізілді. Еңбектері бағаланып, іс шарада табысталып жатыр.

Айта кетейік, №5512 әскери бөлімінде 700 ге жуық сарбаз, офицер мен келісімшарт бойынша қызметкерлер бар. Барлығы Отан алдындағы парызын абыроймен атқарып жүр.

Самал Қалиқызы