Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ән кеші өтті. Шара отан қорғаушылар күніне арналды.

Ән жанның рухы. Музей ұжымы осы құдіретті паш ету жолында осы концертті ұйымдастыруда. Онда патриоттық әндермен қатар, халық әндері де шырқалды. Шараға қазақ әскерінің жасөспірім буыны да көрермен ретінде қатысты.

ДУЛАТ ҚАЛИАСҚАРОВ, ҚАБАНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ «ЖАС САРБАЗ» ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП ЛИЦЕЙ ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ

Мен сіздерді 7-мамыр отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Сіздерге ашық аспан бейбітшілік тілеймін. Отан қорғау жолында сап түзнуге дайынбыз

Сондай-ақ, 5512 әскери бөлімінің сарбаздары музей төрінен табылды. Өнерпаздар орындаған әндерге құлақ қойды.

ДАНА МҰҚАНОВА, 5512 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ

Азаматтарымызды батырлардың ізін жалғаушы азаматтарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Ер елімен деп айтады халқымыз. Әлихан Бөкейхан атамыз айтпақшы, ерлеріміз мінезді болсын, жігерлі болсын

Еліміздің шекара қызметінің мамандары да көрермендер арасынан табылды. Ән бейбіт уақыттың ұраны. Шекарасы тыныш, аспаны ашық елде ғана ән шырқалады.

Жанасыл Серікбол