9-мамыр жеңіс күні. Осыған орай әртүрлі шаралар легі басталып та кетті. Номері 43 мектептің оқушылары өткен тарихты еске алып, ескерткішке гүл шоғын қойды.

Қырық үшінші мектептің оқушыларының осы ескерткіш алдында жиналып тұруының өз себебі бар. Бұрын білім ордасы теміржолшылар мектебі аталған. 1941 жылы соғыс басталғанда ол мектептің көптеген түлегі қолына қару алып, майданған аттанды. Оқушылар сол ерлердің рухын еске алды.

БИБІГҮЛ ШӘКЕНОВА, №43 ЖОББМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз әрқашан ел қорғана ерлерді құрметтейміз. Еске аламыз. Мектеп мұражайында батырлар туралы деректер, фотолар, олардың туыстарына жазған хаттары сақталған. Сонымен қатар, мектеп фойесінде сол батыларған арналған әскери даңқ бұрышы бар.

Хаттар тек туыстарына ғана жазылмаған. Майданға аттанып бара жатқан бозбалалар білім ордасына да жазба қалдырыпты. Ол біршама уақыттан кейін табылған.

ИЛЬЯ БЛАШЕНЮК, №43 ЖОББМ ОҚУШЫСЫ

Алпысыншы жылдардың соңында оқушылар мектептің шатырынан хат тауып алды. Онда «Кетіп барамыз, бірақ, ораламыз» деп жазылған. Бұл хат соғысқа кетіп бара жатқан түлектер қалдырыпты.

Митингтен соң оқушылар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Ерліккке тағзым етті.

Жанасыл Серікбол