Ал қаланың мемлекеттік рәміздер аланында әскери вальс өтті. Оған 5512 және 6679 әскери бөлімдерінің сарбаздары қатысты. Толығырақ тілші әңгімесінде!

Отан қорғаушылар күніне орай өткен бұл әскери вальске 30-ға жуық әскери қызметші ат салысты. Олар мемлекеттік рәміздер алаңында Шәмшә Қалдаяқовтың « Сыған серенадасы» әнің таңдаған. Ерекше вальс қала тұрғындарына да қайталанбас әсер қалдырды.

ЛИЛИЯ ХАЙРУЛЛИНА, «САРБАЗДАРДЫҢ АНАЛАРЫ КОМИТЕТІ» ҚБ БАСШЫСЫ

Бұл шараны ұйымдастыруға қаладағы мерзімді әскери қызметшілер түрткі болды. Осы арқылы әскери вальс билеу дәстүрін жаңғыртқысы келетінің айтты. Сондықтан біз бар күшімізді салып вальс ұйымдастырдық. Бұл 7 мамыр Отан қорғашылар күні мерекесіне орайластырылып отыр

Мағжан Абаев 5512 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Павлодарға Алматы қаласынан ат басын тіреген. Ол бел құшағындағы биді әзірлеуге жауынгерлер бар болғаны екі апта уақыт жұмсағаның айтты.

Байтұрсын Жұмабай