Облыс орталығындағы №24 ші балабақша балғындары ата-аналарымен бірге спорттық марафонға қатысты. Эстафетаны олар Ұлы жеңіс күнінен арнады. Алдағы сюжетте толығырақ.

№24 балабақша ұжымы ұйымдастырған жарыс жыл сайын өткізіледі. Биыл 15-ші рет өтіп отыр. Оған тек балалар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен бірінші рет «AMANAT» партиясының өкілдері де ат салысты. Велосипедпен жүретін ең кішкентай балғындар эстафетаны үлкен топтағы балаларға тапсырды, олар өз кезегінде оны ата-аналарға жеткізді.

АЙТЖАМАЛ ШМИДТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №24 СӘБИЛЕР БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МАМАНЫ

Бұл шара Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған мектепке дейінгі балалардың спринті. Дәстүрге айналған шара биыл 15-ші рет өтіп жатыр. Шараға балабақша тәрбиленушілері, ата-аналар және мәслихат депуттары да қатысып отыр. Мақсаты адамгершілік, рухани, патиорттық сезімдерді тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысында қаза болған солдаттарға тағзым ету

Балалар мен ата-аналар көтеріңкі көңіл күйде марафонды жүгіріп өтті. Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыға медаль берілді. Ал, Жеңіс алаңында марафоншылар үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

МЕЙІРҒАЛИ ЖҮСІП, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Бүгін біз «AMANAT» партиясының қалалық филиалы 24-інші балабақшамен бірлесіп, жүгіру марафонын ұйымдастырып жатырмыз. Марафонның негізгі мақсаты – кішкентай бүлдіршіндерді Ұлы Жеңістін 79 жылдығына қатысқан батырларды ұлықтау, балалардың жүректеріне патриоттық сезім ұялату

Бұдан кейін ұрыс даласынан туған жеріне оралмаған сарбаздардың құрметіне мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік құрметі көрсетілді.

Қымбат Садық