Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагері Үкімет Смағұловқа көше атауы берілді. Ол ұзақ жылдар бойы еліміздің қауіпсіздік саласында еңбек етіп, генерал-майор дәрежесіне дейін жетті. Оның салған ізі сала мамандарына күні-бүгінге дейін үлгі.

Көшенің ашылу салтанатына Үкімет Смағұловтың көзін көрген ардагерлер жиналды. Олар оның қызмет еткен жылдарғы еңбегін, адамгершілік болмысы туралы естеліктермен бөлісті. Қай уақыт болмасын елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жауапты іс. Үкімет Смағұлов сол қиын жолдан қайсар болмыс, терең білімімен өте білген жандардың бірі болды.

Иә, ел қорғаған ерлердің дара ізін абыроймен жалғастыру үшін олардың есімін үлгі ету қажет. Бұл елге, халыққа деген құрметтің бір белгісі болмақ. Шараға генералдың туған – туыстары да қатысты. Осынау игі шара үшін баршасына ризашлығыны білдірді.

РАХИЛА СМАҒҰЛОВА, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР ҮКІМЕТ СМАҒҰЛОВТЫҢ ҚАРЫНДАСЫ

Осы іс-шараға ат салысқандардың баршасына алғысымды білдіремін. Ағаммен бірге қызмет етіп, бүгінде оның тәрбиесін ұмытпаған жандарға құрметім шексіз. Бұл біз үшін үлкен құрмет

Осылайша бұрынғы Уриций көшесі қазір генерал Смағұлов атында. Павлодар қаласының орталығындағы көшелердің бірі.

Жанасыл Серікбол