Сонымен қатар, мерекеге орай қаламызда сап және саптық әндер байқауы өтті. Жалпы 13 команда ортаға шығып, бақтарын сынады. Тақырыпты толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

Орталық жағалауда сап және саптық ән байқауы ұйымдастырылды. Дәстүрге айналған шара биыл Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орайластырылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан барлық қатысушылар сапта жүру, ән айту өнерлерін ортаға салды.

Жалпы іс шараға 10 аудан мен 4 қаладан 400-ге жуық бала қатысты. Әр командада 25 оқушыдан болды.

Байқаудың мақсаты әскери патриоттық тәрбиені насихаттау, оқушылардың алдында Қазақстан Республикасының Әскери Күштерінің деңгей-дәрежесін көтеру.

Самал Қалиқызы