Кенжекөл ауылында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Жүлделі орындарға таласуға 80-нен аса спортшы жиналды. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын!

Кемер Әшімбетовты еске алуға арналған дәстүрлі турнир биыл 28 мәрте ұйымдастырылды. Боз кілемде еліміздің түрлі аймағынан келген 23 жасқа дейінгі балуандар күш сынасты.

Жарыс 17 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жігіттер 9 салмақ, ал қыздар 8 салмақта мықтыны анықтады. Тартысты бәсекеде балуандар боз кілемде қазақ күресінің озық үлгісін көрсетті.

АЯУЛЫМ ТУРДИКЕ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ)

Осы жарысқа көптеген дайындықпен келдік. Жақсы жұмыстар жасадық. Мен осы алдағы болған жастар арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы атандым. Осы жарыста да жеңімпаз атанамын деп ойлаймын. Барлығы жақсы дайындықпен келеді. Барлығына настрой ұстау керек. барлығымен настрой ұстап, жақсы күресіп шығу керек

Турнир қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты алдындағы дайындық болды. Бағы жанған спортшылар алдағы байрақты бәсекеде бақ сынайды.

Жұлдыз Қабылденова